15 ақпан-Ауған соғысына қатысқандар үшін ерекше күн. Жалпы мектептік іс-шара аясында 7-11 сынып оқушыларына батылдық сабағы өткізілді. Сабақ барысында "Ауған" туралы әндер шырқалды, патриоттық өлеңдер салтанатты түрде оқылды. Сабаққа қатысушылар жергілікті соғыстарда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.