Мектеп оқушыларымен сапта әңгіме жүргізілді, Сап барысында директордың ТЖ жөніндегі орынбасары И.Ю. Карасева балаларға ішкі тәртіп ережелерін, оқушының күн тәртібін еске салды. Сондай-ақ, көктемгі кезеңдегі қауіпсіздік: жұқа мұз, қар еруі, тасқын сулар мәселелері қаралды. Ирина Юрьевна балалардың көшеде ата-анасының қарауынсыз, түнде болу қаупі туралы, жол қозғалысы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер, атап айтқанда су тасқыны туралы еске салды.