Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін алаяқтар өздерін байыту үшін қолданатын алдау схемалары туралы білуіңіз керек. Мұндай қылмыстармен күресудің және алдын-алудың негізгі әдісі азаматтарды алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы хабардар ету болып табылады. 2023 жылдың 21 қыркүйегінде аудан прокуратурасының аға прокуроры А.С. Булатов «Вагулино ОМ» КММ оқушыларымен және ұжымымен кездесті. Асхат Сайранович алаяқтық әрекеттер, оның ішінде ғаламтор-ресурстарды пайдалану, құқық бұзушылықтар мен салдарларды жасағаны үшін жауапкершілік (қылмыстық жауапкершілікке тарту), әлеуметтік желілерді пайдалану тәсілдері туралы айтып берді.