Туберкулез қараусыз қалғанда қауіпті. Бұл алдын-алу шараларының маңыздылығына және ауруды ерте сатысында анықтауға байланысты. Туберкулездің алғашқы кезеңінде симптомдар минималды түрде( әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің нашарлығы) немесе мүлдем болмауы мүмкін. Сондықтан ешқандай жағдайда назардан тыс қалмайтын профилактикалық диагностикалық шаралардың маңыздылығы айқын.