Туған табиғаттың сұлулығы, оның байлығын қорғау және ұқыпты пайдалану қазіргі уақытта адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мектеп парламентінің белсенділері «Еліміздің экологиясы біздің қолымызда» экологиялық марафонына белсенді қатысты. Балалар мектеп мұғалімдерімен бірге мектеп жанындағы учаскені тазартты.