Бүгін мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде маңызды тақырыптар қарастырылды:

1.Оқу процесін ұйымдастыру:
жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты кестені,оқу бағдарламасын және негізгі ойларды талқыладық.
2.Буулингті алдын-алу: осы өзекті тақырыпты талқылауға ата-аналар мен мұғалімдер белсенді қатысты. Әр бала үшін мектепте қауіпсіз және жайлы жағдай жасау үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек.
3.Оқушылардың қауіпсіздігі:
Балаларымыздың қауіпсіздігі - біздің әрқайсымыз үшін басты міндет. Жиналыста мектеп аймағындағы, жолдағы, интернеттегі қауіпсіздік бойынша сұрақтар талқыланды.
4.Мектеп формасы: мектеп формасын кию ережелерін, оның өзектілігі мен біртұтас мектеп стилін құрудағы маңыздылығын талқыладық.

Жиналысқа белсенді қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз! 🤝
Біз бірге балаларымыздың оқу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасаймыз!